Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU XI Спартакиадасының бірінші жүзу жарысы

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

ХІ DKU Спартакиадасы жалғасып, жарыс күндері қызу жүріп жатыр. 25 қазан мен 1 қараша аралығында жүзу жарысы және баскетболдан финалдық ойындар басталды.

26 қазанда «Қазақстан» спорттық кешенінде жүзу бойынша алғашқы жарыстар өтті, DKU студенттері 25 м және 50 м қашықтықта брасс сияқты стильде шеберлік көрсетті.

Жеңімпаздар атанды:
Ұлдар:

  • 1 орын — Попов Антон, 2 курс, «Көліктік логистика» БББ.
  • 2 орын Айтуаров Данияр, 1 курс, «Экологиялық және энергетикалық техника».
  • 3 орын — Басанов Азамат, волейбол бойынша DKU жаттықтырушысы.

Қыздар:

  • 1 орын — Тюнина Анастасия, 2 курс «Телематика» БББ.

28 қазан — 25 м және 50 м қашықтыққа кроль түрі бойынша жүзу жарыстары.
Жеңімпаздар атанды:

Ұлдар:

  • 1 орын — Попов Антон, 2 курс, «Көліктік логистика» БББ.
  • 2 орын — Айтуаров Данияр, 1 курс, «Экологиялық және энергетикалық техника» БББ.
  • 3 орын — Шин Валерий, 1 курс, «Маркетинг» БББ.

Қыздар:

  • 1 орын — Алтынбекова Аяжан, 1 курс «Маркетинг» БББ.

Алда бізді әлі де шахмат пен волейболдан жарыстар күтіп тұр, жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар!

Бөлісу