Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU 2021 жылы «Қазақстан-Неміс Университеті хабаршысының" ғылыми мақалалардың қабылданатыны туралы хабарлайды

Алматыдағы Қазақстан-Неміс Университеті 2021 жылы «Қазақстан-Неміс Университеті хабаршысының" алдағы шығарылымдарына арналған қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми мақалалардың қабылданатыны туралы хабарлайды.

Мақалаларды қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Қазақстан-Неміс Университетінің хабаршысы (ISSN: 2709−8745) Орталық Азиядағы өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша зерттеулерді жариялайтын, жергілікті ғылыми қоғамдастықты қолдайтын және әртүрлі академиялық пәндер арасындағы диалогқа ықпал ететін рецензияланатын академиялық журнал болып табылады.

Біз келесі тақырыптар бойынша мақалаларды қабылдаймыз:

  • Орталық Азиядағы тұрақты даму және аймақтық интеграция;

  • Орталық Азиядағы қоғам және мәдениет;

  • Орталық Азияның саяси және экономикалық дамуы;

  • Орталық Азиядағы сыртқы саясат және халықаралық қатынастар;

  • Орталық Азияда инженерлік іс пен технологияны дамыту;

  • Орталық Азиядағы көлік және логистика;

  • Экология, энергия тиімділігі және су ресурстарын басқару;

  • Аймақта тілдер мен әдебиетті дамыту.

Мақалалар қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерінде жазылуы мүмкін.

Барлық ұсынылған мақалаларды редакция сапа және жарияланымдарға қойылатын талаптарға сәйкес қарастырады және сыртқы рецензиялауға бағытталған. Авторларға мақаланы қабылдау, қабылдамау немесе оны қайта қарау қажеттілігі туралы сыртқы рецензиялар түскен бойда хабарланады.


Мақала көлемі 6000-нан 10000 сөзге дейін болуы керек, оған тезистер, мәтін, түсіндірмелер, сілтемелер, кестелер, суреттер мен қосымшалар кіреді. Жұмыстар төменде көрсетілген байланыстар бойынша Word форматында Times New Roman шрифтінің 12 өлшемін қолдана отырып, 1,5 интервалмен электронды пошта арқылы жіберілуі керек. Барлық беттер нөмірленуі керек. Әрбір берілген мақалада (1) мақаланың атауы, автордың аты-жөні, институционалдық тиесілігі және электрондық поштасының мекенжайы көрсетілген титул парағы; (2) мақаланың басында көлемі 300 сөзден аспайтын аннотация; (3) нақты құрылым (кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды); (4) мақаланың соңында қоса берілген библиография болуы тиіс.

Мақаланы ұсыну және оның форматы туралы толық ақпаратты DKU веб-сайтынан қараңыз https://dku.kz/ru/content/view/?slug=nauchnyye-publikatsii-dku&tab=1.


Назар аударыңыз, редакторлар тек редакциялау мен түзетуден өткен мақалаларды қабылдай алады. Редакторлар аталған талаптарға сәйкес келмейтін қолжазбаларды қабылдамауға құқылы.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда мына мекен-жайға хабарласыңыз:
vestnik@dku.kz

Бөлісу