Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU шымкенттік қонақтарды, «Білім-инновация» дарынды қыздарға арналған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесті

Бүгін DKU шымкенттік қонақтарды, яғни «Білім-инновация» дарынды қыздарға арналған лицей-интернатының оқушыларымен кездесті.

Сапар болашақ студенттерді Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен, оның ішінде Қазақстан-Неміс университетімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлімде қонақтарды Пушкин көшесіндегі ғимаратта қарсы алып, халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық бөлімінің меңгерушісі Елена Асмус оқуға қабылдау шарттары, ішкі гранттар, қос диплом, академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы айтып берді. Содан кейін Назарбаев көшесіндегі ғимаратта делегацияны DKU қабылдау комиссиясының өкілі Елдос Қорабаев қарсы алып, экскурсия өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының ұйымдастырушылары мен оқушыларына алғыс айтамыз. Оқуға түсулеріңізге сәттілік тілейміз! DKU-да асыға күтеміз!

Бөлісу