Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU студенті Қазақстанның XI жазғы студенттік Универсиадасында семсерлесуден 3 орын алды

Біз сіздермен тамаша жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз!

«Көлік логистикасы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Васильева Алина Қазақстанның XI жазғы студенттік Универсиадасы аясында өткен жарыстарда семсерлесуден 3 орын алды.

Жазғы ойындардың ашылу салтанаты 2021 жылғы 16 мамырда Түркістанда өтті, ал жекелеген спорт түрлері бойынша жарыстар Нұр-сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз және Қостанай қалаларында өтті. Қазақстанның барлық спортшылары 36 спорт түрінен жүлделі орындарға таласты.

Алина үшінші жүлдені алған семсерлесудің соңғы кездесулері 28 мамырда Алинаның туған күнінде өтті.

Алинаны жеңісімен және туған күнімен құттықтаймын! Алинаға спортта және оқуда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Бөлісу