Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU студенттері арасында үздік бизнес-идеяға конкурс!

Құрметті студенттер!

Біз DKU білім алушылары арасындағы үздік бизнес-идеяға арналған конкурстың басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Бұл сіздің жобаңызды жариялау, кәсіби кері байланыс алу, жаңа дағдыларды үйрену және сіздің бизнес арманыңызды жүзеге асыруға жақындау мүмкіндігі.
Қатысуға барлық мамандықтардың, факультеттердің және дайындық деңгейлерінің DKU студенттері шақырылады.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады:

1. кезең: 25 қарашадан 5 желтоқсанға дейін— конкурсқа өтінім беру және бизнес-идея/жоба бойынша ақпарат беру (конкурс туралы ережені мына жерден қараңыз).

2. кезең: 5 желтоқсаннан 7 желтоқсанға дейін қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарап, финалистерді анықтайды.

3. кезең: 10 желтоқсаннан 16 желтоқсанға дейін — финалистердің онлайн питч-сессиялары.
Нәтижелерді жариялау: 2020 жылдың 22 желтоқсанына дейін.
Алғашқы 2 жүлделі орынға ие болған жобалар ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

• 1 орын — 100 000 теңге (жүз мың теңге) идеяны бастапқы іске асыруға.

• 2 орын — 50 000 теңге (елу мың теңге) идеяны бастапқы іске асыруға.


Конкурстың барлық финалистері 2021 жылдың жазғы семестрінде V. P. Group және KBTU Business Incubator серіктестерімен ынтымақтастықта өтеусіз негізде өтетін DKU «Стартаптар және технологиялық кәсіпкерлік» элективті курс тыңдаушыларының тізіміне енгізілетін болады.

Тіркелу сілтеме бойынша қол жетімді:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSezFEN8NH7TlVtlMVpfZciS-tjuYIRHU8MXj3ngEyzBWN1UuA/viewform

Өз бизнес-идеяңызды мына сілтеме бойынша ұсына аласыз:
https://forms.gle/dvLt1jcYKJvX47cA8

Бөлісу