Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU Олимпиадасы 2021!

Құрметті талапкелер!

Мектеп бітіруші сыныптарының және колледждердің бітіруші курстарының оқушыларын DKU Олимпиадасына қатысуға шақырамыз!

Олимпиада жеңімпаздары DKU-да бірінші оқу жылында оқу құнының 25% мөлшерінде стипендия алады.

Тіркеу 2021 жылғы 10−30 сәуір аралығында (қоса алғанда) жалғасады.

Олимпиадаға тіркеуді мына сілтеме арқылы жасай аласыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdatGPIahCDkTCCN83C5J_hhBt9x08vI0wIGgtIJiTofnwIjg/viewform?usp=sf_link

DKU олимпиадасының ережелерін мына жерден таба аласыз.


1-кезеңге қатысу үшін сізге ұзақтығы 1 минут бейнеролик түсіріп, оны marketing@dku.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет және / немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшаңызға ұйымдастырушы @dkukz белгілеп, бейнероликті2021 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) орналастыруыңыз керек.

Ролик қатысушы туралы ақпаратты, жобаның атауын және қысқаша сипаттамасын қамтуы керек. Жобалар сіз түскіңіз келетін таңдаған мамандыққа сәйкес келуі керек.

Назар аударыңыз! Халықаралық қатынастар бағдарламасына қатысушы үш бағыттың бірін таңдап, жобалар дайындауы керек (олар ұсынылған тақырып аясында тар шеңберлі тақырыптар болуы мүмкін):

  1. Қазіргі әлемдегі БҰҰ.
  2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
  3. Қазіргі әлемдегі адам құқықтары.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда, хабарласыңыз:
+7 (727) 355 05 51 (ішкі 229/327)
admission@dku.kz немесе marketing@dku.kz

Бөлісу