Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU «Атамекен» 2020 жылғы рейтингінде құрметті 5-ші орынға иеленді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім министрлігінің тапсырысы бойынша үздік қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингін жасады.

Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі хабарлағандай, рейтингке еліміздің Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қорғаныс министрлігіне бағынышты жоғары оқу орындарынан басқасының барлығы қатысты. Екі мың білім беру бағдарламасы қамтылды, 68 мың түлектің жұмыспен қамтылуы талданды, Қазақстанның барлық аймақтарынан 600-ден астам сала мамандары тартылды.

«Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбеновтің айтуынша, рейтингті құрудың негізгі критерийлері: түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіштері мен мансаптық болашағы, орташа жалақы, білім беру бағдарламаларының сапасы және студенттердің жетістіктері, халықаралық қатынастар.

«Атамекен» үздік университеттердің дәстүрлі рейтингін ұсынды. DKU 5-шы орын алды.

  1. М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті

  2. Қазақстан-Британ техникалық университеті

  3. КИМЭП Университеті

  4. Xaлықаралық ақпараттық технологиялар университеті

  5. Қазақстан-Неміс Университеті

  6. Сулейман Демирел атындағы Университет

  7. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  8. Халықаралық білім беру корпорациясы

  9. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

  10. Нархоз Университеті

Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтеме бойынша таба аласыз:
https://ru.sputnik.kz/society/20210105/15927744/nazvany-luchshie-vuzy-kazakhstana-v-2020-godu.html


Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2020 жылға арналған жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін қалыптастырды. DKU бағалау нәтижелері бойынша барлық білім беру бағдарламалары бойынша ТОП-20-ға кірді:

  • Логистика: 1-ші орын (11)

  • Халықаралық қатынастар: 1-ші орын (21)

  • Маркетинг: 3-ші орын (16)

  • Менеджмент: 4-ші орын (38)

  • Жылу энергетикасы (Энергетикалық және экологиялық техника): 6-ші орын (16)

  • Қаржы: 12-ші орын (74)

  • Ақпараттық жүйелер (Экономикадағы ақпараттық инжиниринг, Телематика, Mobile computing): 20-ші орын (55)

Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтеме бойынша таба аласыз:
https://atameken.kz/kk/university_ratings?year=2020&ut=Қазақстан-Неміс+университеті&epg=&ep=®ion=&sort=epg_asc

Бөлісу