Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Crackit чемпионатына қатысуға тіркелу ашық

Құрметті 1 курс студенттері!

Сіздерді Crack it чемпионатына қатысуға шақырамыз. Crack it. AlmatyCaseCompetition — бұл Алматы университеттерінің студенттері қатысатын бизнес-міндеттерді шешу бойынша қалалық университетаралық чемпионат.

Әр университеттен бірнеше команда ұсынылуы мүмкін. Қазақстан-Неміс университетінен өтініштер жіберілді. Біздің студенттер өздерін жақсы жағынан көрсететініне және жеңіске жететіндеріне сенімдіміз.

Бизнес-кейстерді төменде көрсетілген университеттердің студенттері талдайды:

  • Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU);
  • NARXOZ Университеті;
  • Қазақстан-Неміс Университеті (DKU);
  • Қазақстан-Британ техникалық университеті (KBTU);
  • КИМЭП Университеті.

Біліктілікті арттыру, болашақ мансабыңызды құруға көмектесетін жаңа білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Командаларды тіркеу 2021 жылдың 9 ақпанына дейін жалғасады.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз: инстаграм @entrepreneurship.almau.


Чемпионатқа тіркелу сұрақтары бойынша әлеуметтік жұмыс және мансап бөліміне хабарласыңыз, Саниязова Найляға, e-mail: karrierezentrum@dku.kz, 355 05 51, ішкі 239.

Бөлісу