Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Career And Life Formula Бағдарламасының семинарларына DKU студенттері қатысты

2021 жылғы 18−20 наурыз аралығында DKU инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті CILT Kazakhstan компаниясымен бірге Орталық Азияда бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі USAID (CTJ) жобасының қолдауымен CALF (Career And Life Formula) бағдарламасы шеңберінде «Көлік логистикасы» және «Өндірістік логистика» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттеріне семинарлар өткізді.

Семинар спикерлері:

  1. Марина Кузнечевская — Fly Dubai әуекомпаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры, WiLAT Central Asiа төрағасы.
  2. Оксана Цой — HR Management бойынша CILT сарапшысы.
  3. Айжан Бейсеева — Орталық Азияның бәсекеге қабілеттілігі, саудасы және жұмыс орындарын құру жөніндегі USAID жобасының Көлік және логистика бағытының басшысы, Wilat Central Asia төрағасының орынбасары.

Осы семинардың барлық спикерлері мен ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Бөлісу