Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Арал бойынша жетінші жазғы мектепке қатысуға тіркеу ашылды

Сіздерді «Климаттың өзгеруі жағдайындағы Арал теңізі бассейніндегі су: деректер мен білім тұрғысынан басқару және саясат мәселелері" атты жетінші жазғы мектепке қатысуға шақырамыз.

  • Өткізу күндері: 14−25 маусым 2021 ж.
  • Формат: онлайн
  • Тілі: ағылшын.

Жазғы мектеп бағдарламасы қамтиды:

  • географиялық ақпараттық жүйемен (ГАЖ) терең танысу,
  • жер және су ресурстарын бақылауға арналған қашықтықтан зондтау қосымшаларына шолу,
  • климатологиялық деректерді талдауға кіріспе,
  • GRACE-ке кіріспе.

Қатысуға шақырылады:

Магистрлер мен докторанттар, сондай-ақ университеттердің кіші оқытушылары, зерттеушілер мен мамандар су және жер ресурстарын біріктірілген басқару құралдарымен және олардың Орталық Азияда практикалық қолданылуымен қызығушылық танытады.

Үміткерлер Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның резиденттері болуы тиіс.

Өтінімдер қабалдау мерзімі:

2021 жылғы 14 мамырға дейін қоса алғанда.

Өтінімді толтыру үшін сілтеме бойынша өтіңіз:
http://www.cawa-project.net/news-detail/news/online-cawa-green-summer-school-2021-call-for-application/


Ұйымдастырушылар:

CAWa-Green-Project (Орталық Азиядағы су), Қазақстан-Неміс университеті (DKU, @dku), Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университет @uni_halle, Неміс геоғылымдар зерттеу институты (GFZ, @gfz_potsdam), Постдам климаттық өзгерістерді зерттеу институты (PIK), Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ).

Қосымша ақпаратты алу үшін хабарласыңыз:

Алмас Кітапбаев, CAWa аймақтық өкілі, kitapbayev@dku.kz

Бөлісу