Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Ақ-Мерген 2021 қоғамдық байланыс саласындағы IX Қазақстандық сыйлығының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Өткен жұмада, яғни 2021 жылдың 15 қазанында DKU қабырғасында қоғаммен байланыс саласындағы Ақ-Мерген IX Қазақстан сыйлығына үміткерлердің жобаларының ашық тыңдауы өтті.

«Ақ Мерген» сыйлығы Қазақстан PR-нарығын дамыту, қоғаммен корпоративтік және мемлекеттік өзара қарым-қатынастардың мәдениеті мен дәстүрлерін қалыптастыру, практикалық тәжірибе алмасу және т. б. мақсатында ҚР Қоғаммен байланыс Ұлттық Қауымдастығының (ҚБҰҚ) бастамасымен құрылды.

Өткен тыңдаулардың нәтижелері бойынша байқаудың бас жүлдесіне «Бір жолғы зейнетақы төлемдері бойынша бағдарламаны ілгерілету» жобасы, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ие болды. Спикер болып «ОТБАСЫ БАНК» АҚ баспасөз қызметінің директоры Зәуре Масгутова сөз сөйледі.


Сондай-ақ номинациялар жеңімпаздарымен төменде таныса аласыз:

«Маркетингтік коммуникациялар» номинациясындағы үздік жоба

Олеся Колесниченко. «Фильмдер фестивалі" жобасы.

«Корпоративтік коммуникацилар» номинациясындағы үздік жоба
Тенгиз Шевройл ЖШС. «Вакцинация» жобасы.

Үздік әлеуметтік коммуникация және қайырымдылық жобасы

AYALA қайырымдылық ұйымы. «Зачем благотворительности кулаки?» жобасы.

Арнайы жүлде — BLACK & WHITE агенттігі. «Шын жүректен» жобасы.

Әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік жоба

PBN Hill+Knowlton Strategies агенттігі. «ВИЧ-позитивті адамдарды қолдау бағдарламасы» жобасы.

«Мемлекеттік, әлеуметтік және қоғамдық бағдарламаларды ілгерілету» номинациясындағы үздік жоба:

Қазақстанның тұрақтылық қоры. «Үйден шықпай ипотеканы жылжыту» жобасы.

Ғаламтордағы үздік жоба (Digital) — жеңімпаз жоқ.
Арнайы жүлде — АРСЕЛОР МИТТАЛ Теміртау АҚ. «Фото-Шежіре (фотолетопись)» жобасы.
Арнайы жүлде — «Еуразиялық Топ» ЖШС. «ERG Talks» жобасы.

Ішкі коммуникациялар саласындағы үздік жоба
«КаР-Тел» (Beeline Қазақстан) ЖШС, «Бақыт жеткізумен» жобасы.


Қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және конкурстың барлық қатысушыларын, номинанттар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Оныншы мерейтойлық Ақ Мергенмен кездесуге дейін!

Бөлісу