Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

9 сәуір күні «Таза су — сапалы өмірдің көзі" атты вебинар өтті

Вебинар Нұрсұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының, Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының, сондай-ақ ЛИВЕНЬ онлайн эко-журналының қолдауымен Қазақстан-Неміс университетімен әріптестікте Досым Сатпаевтың Жеке Қоры ұйымдастырған Қазақстанның негізгі экологиялық мәселелері бойынша вебинарлар топтамасының бірі болды. Living Asia.

Талқылау барысында Қазақстанның сарапшылары ағымдағы жағдайды, Қазақстандағы су сапасының стандарттары мен өлшемдерін, еліміздегі су сапасы саласындағы үрдістер мен шешімдерді, су сапасын сақтау саласындағы Қазақстанның әрбір азаматының рөлін талқылады.

«Бүгін Қазақстанда 2020−2030 жылдарға арналған ҚР Су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленуде. Осыған байланысты, біздің әңгімеімізді нақтылау және осы бағдарламаға қандай пункттер кіретінін көрсету қажет: қандай жобалар, бағдарламалар. Кітап жазғаннан кейін не болатынын көрсету керек.», — Нариман Қыпшақбаев мырза, Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақстандық филиалының директоры;

Қазақстанның негізгі экологиялық мәселелері бойынша вебинарлардың бұл сериясы жергілікті және халықаралық сарапшы — экологтар, демографтар, экономистер мен саясаттанушылардың қатысуымен ҚР-да экологиялық қауіп-қатерлер мен шешімдер бойынша Ұжымдық монография жазудағы маңызды кезең болып табылады. Кітап 2020 жылдың соңында орыс, қазақ және кейіннен ағылшын тілдерінде Қазақстандық саяси және қоғамдық қайраткер Досым Сәтпаевпен бірлесіп басылып шығады.

Вебинар және презентация мына сілтеме бойынша қолжетімді: СІЛТЕМЕ.

Бөлісу