5В070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығының XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II кезеңі"

Қазақстан-Неміс Университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен пәндік олимпиадаларды өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылғы 20 сәуірде 5В070300 — «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізеді.

Республикалық олимпиада 3 пән бойынша өткізіледі:

  1. Ақпараттық жүйелердегі деректер базасы
  2. Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау
  3. Компьютерлік желілер

Аталған пәндер бойынша Республикалық пәндік Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

  • «Ақпараттық жүйелердегі деректер қоры» және «компьютерлік желілер» пәндері бойынша тапсырмалар жабық тест түрінде ұсынылады.
  • «Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау» пәні бойынша тапсырмалар бағдарламалау бойынша үш тапсырма түрінде ресімделген, олар үшін келесі бағдарламалау тілдерінің бірінде бастапқы кодты құру қажет: C, С++, Python 2, Python 3, Java, Pascal.

Студенттердің тапсырмаларды орындауын бағалау әр пән бойынша жеке баллмен жүзеге асырылады. Әр пән бойынша тапсырмалар 100 балға бағаланады. Қорытынды баға пәндер бойынша нәтижелердің орташа мәні болып табылады. Ең көп балл жинаған студенттер олимпиаданың жеңімпаздары болып саналады.

Қатысушылар Олимпиаданың өткізу бағдарламасын, уақыты мен аудиториясын 2019 жылғы 1 сәуірден бастап ҚНУ сайтында көре алады.

Пәндік олимпиадаға ЖОО—дан 5В070300 — «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 студенті ғана қатыса алады. Студенттер өзімен бірге жеке куәлігі және студенттік билетін алуы тиіс. ЖОО-ның командасы жетекші-оқытушымен бірге жүреді.

Олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін студенттерді ұсыну кезінде жоғары оқу орны ҚНУ-ға келесі құжаттарды жібереді:

  • Олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі хаттамамен ресімделеді;
  • Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға өтінім (әр қатысушыға толтырылады).

Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін құжаттарды 2019 жылдың 31 наурызына дейін келесі электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: olympiadis@dku.kz ескерту.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

  • ҚНУ Республикалық олимпиаданың II кезеңіне өткен қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз етпейді.
  • Қатысушылардың және басшының іссапар шығындары (жол ақысы, тұру және тамақтану) жіберуші ЖОО есебінен төленеді.

ЖОО ұйымдастырушы (ҚНУ) Олимпиадаға қатыспайды.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Алматы қ., Пушкин көшесі, 111,
тел: 8 727 355-05-51 (іш.218)

Бөлісу