Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

29 шілдеден бастап Қазақстан-Неміс университетіне кіру ASHYQ бағдарламасы арқылы қатаң түрде жүзеге асырылады

Маңызды ақпарат

Құрметті әріптестер, студенттер мен талапкерлер, 2021 жылдың 29 шілдесінен бастап Қазақстан-Неміс университетіне кіру қатаң түрде ASHYQ бағдарламасы арқылы өтетінін хабарлаймыз.

Ғимаратқа кіре берісте әр жолы өзіңіздің мәртебеңізді нақтылауды сұраймыз. Көк (бейтарап) және жасыл (қауіпсіз) мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі.

Қызыл мәртебе анықталған жағдайда, ақпарат уәкілетті органдарға беріледі, олар өз кезегінде карантин режимін бұзғаны/сақтамағаны үшін айыппұл салады.

Осы мәселеге түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.
____

Ashyq жүйесін Kaspi қосымшасы арқылы пайдалануға болады.

Бөлісу