Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

29 шілдеде DKU өкілдерінің MINT жазғы онлайн-мектебінің қатысушыларымен кездесуі өтті

29 шілдеде Қазақстан-Неміс университеті өкілдерінің Орталық Азиядағы MINT жазғы онлайн-мектебінің қатысушыларымен кездесуі өтті. DKU тарапынан Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің менеджері Гюзяль Айтбакиева және Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы Елена Асмус сөз сөйледі.

Әріптестеріміз өз презентацияларында университет және оның қызметі, стипендиялары мен гранттары, «Қос диплом» бағдарламасы және академиялық ұтқырлық туралы айтып берді.

Жазғы онлайн-мектеп тарапынан MINT (Mathematik, Informatik, Naturwissenschaften und Technik) пәндерін оқитын 10-шы сыныптардың 40-тан астам оқушысы кездесуге қатысты.

Бөлісу