Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

27−28 наурызда Орталық Азия Медиация форумына қатысуға шақырамыз

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан-Неміс университеті және «Парасат» медиация және құқық орталығы жеке мекемесі барлық мүдделі тұлғаларды 2020 жылғы 27−28 наурызда Орталық Азия Медиация форумына қатысуға шақырады.

Форумның мақсаты: Орталық Азия елдерінде халықаралық медиацияны ілгерілету бойынша тұрақты жұмыс істейтін халықаралық диалог алаңын құру.

Форум аясында жоспарланып отыр:

  • Орталық Азия елдерінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері мен даму перспективаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел
  • медиация және конфликт-менеджмент, келіссөздер үрдістері саласындағы сарапшылардың воркшопы, медиацияың табысты тәжірибелерін және кейстерін талқылау.
  • Орталық Азия елдерінің келіссөз жүргізушілері және жастар медиаторлары командалары арасында халықаралық конкурс. Конкурс Орталық Азияның жас медиаторлары желісін институттандыруға бағытталған алғашқы білім беру инновациялық жобасы болмақ.

Конкурстың мақсаты: даулы жағдайларды шешу үшін медиация және келіссөздер құралдарын ілгерілету, жастар ортасында, мәдениетаралық ортада медиация дағдыларын дамыту, студенттер мен кәсіби мамандар арасында идеялармен және тәжірибемен ашық алмасу, Орталық Азия ЖОО-да медиация курсын оқытуды ынталандыру.

Конкурстық бағдарлама келесі кезеңдерден тұрады:

  • әлемде медиацияны дамыту мәселелері бойынша тестілеу,
  • медиация бойынша турнирлер.

Қазылар алқасының құрамына медиация орталықтарының, жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми қоғамдастық, бизнес-құрылымдардың өкілдері енеді.

Форум жұмысына қатысу тегін.

Форум тілдері: қазақ, орыс, неміс, ағылшын.

Форумға сарапшы, мастер класс жаттықтырушысы, қатысушы ретінде қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелулеріңізді сұраймыз https://forms.gle/xTDVgMrHjFuCbgzj9

Форумға қатысу бойынша барлық сұрақтарыңызды мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: camediationforum@gmail.com

Қатысушылар форумға қатысу үшін жол, тұру және тамақтану құнын өздері төлейтіндігін ескертеміз.

Бөлісу