Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

27 қазанда DKU VIIІ-спартакиадасының ашылуы өтті

2019 жылы 27 қазанда «Қазақстан» спорт-сауықтыру кешенінде «БІРГЕ ЖАҢА РЕКОРДТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ!» ұранымен Қазақстан-Неміс Университетінің VIIІ-Cпартакиадасы салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі ректордың көмекшісі Найля Саниязова және Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Жандос Кегенбеков қатысушыларды жыл сайынғы спартакиаданың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік және адал күрес тіледі.

Ашылу рәсіміне студенттер қатысып, шығармашылық нөмірлерін орындады. Менеджмент мамандығының 1 курс студенті Раченкова Софья көркем гимнастика номерімен өнер көрсетті, ал студенттер тобы дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Выскребенцева Маринаның жетекшілігімен жарысқа қатысушыларды жеңіске спорттық бимен шабыттандырды.

Ашылу іс-шара қонақтарға: біздің студенттерге, түлектерге және оқытушыларға арналған спорттық сайыстармен жалғасты.

Спартакиаданың бірінші күні 7 команда арасында волейболдан жарыс өтті: ИАТФ 1 курс командасы, ЭКФ 3 курс командасы, ИАТФ 3 курс командасы, ИАТФ 4 курс командасы, 2 курс құрама командасы, түлектер командасы және профессорлық-оқытушылар құрамы:

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • 1-орынды DKU түлектер командасы алды
  • 2-орынды 2 курс құрама командасы алды
  • 3-орынды ИАТФ 4 курс командасы алды

Барлық жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Іс-шараның қатысушылары мен қонақтарын құттықтаймыз және келесі жарыстарды күтеміз!

Бөлісу