Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

24 қазан күні «Денсаулық" СК DKU XI спартакиадасының ашылу рәсімі өтті

24 қазан күні «Денсаулық" СК-да «Біз біргеміз — біз бірміз!» ұранымен өтіп жатқан ХІ DKU Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Біздің спорт мұғалімдері мен университет әкімшілігінің құттықтау сөзінен кейін бірден баскетболдан жарыс басталды.

Біріншілік үшін жарысқа 4 баскетбол командасы қатысты:

  • Beastie boy
  • No Chances
  • Almaty Lakers
  • Тәте Аңшылар

Бірінші ойында «Beastie boy» және «no Chances» командалары кездесіп, ойын 45:13 нәтижесімен аяқталды. Екінші ойында алаңға «Almaty Lakers» және «Тәте Аңшылар» командалары шығып, ойын 7:34 нәтижесімен аяқталды. Осы аптадағы финалда «Beastie boy» және «Тәте Аңшылар» командалары кездеседі.

Ойындар арасындағы үзілістерде DKU Cheerleaders командасының қойылымдары, сондай-ақ 1 курс студенті Эмилия Вейберттің гимнастикалық нөмірі ұйымдастырылды.


Айта кететін жәйт, осы аптада келесі жарыстар өтеді:

  • 28 қазан — жүзу (кроль -50 м, кроль -25 м), ұлдар мен қыздар. Басталуы сағат
    16:30-да, «Қазақстан» СК
  • 30 қазан — баскетбол, жартылай финал және финал. Басталуы сағат 15:30-да, «Денсаулық" СК.

Жарыс күндері қызу жүріп жатыр және сіз біздің спартакиаданың қалай өтіп жатқанын белсенді түрде бақылап отырасыз деп үміттенеміз.

Жарыстардан тікелелей көрсетілімдерді жіберіп алмау үшін тезірек @stura.dku аккаунтына жазылыңыз.

Бөлісу