Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

2022−2023 қысқы семестрін Schmalkalden университетінде (Германия) өткізіңіз

Бакалавриаттың 2−3 курс студенттерінің назарына!

Schmalkalden қолданбалы ғылымдар университеті студенттерге академиялық ұтқырлық аясында 2022−2023 қысқы семестрде оқуды ұсынады.

Шетелдік студенттерге арналған ағылшын тіліндегі курстардың тізімі:
https://www.hs-schmalkalden.de/en/international/incoming-students/courses-for-incomings/exchange-students/wise-20222023.html.

Осы сайттағы силлабустарда көрсетілген курс деңгейлері мен талаптарын ескеріңіз. Ұсынылатын курстар өзгеруі мүмкін және үміткерлер ұсыныстарды жүйелі түрде қарап шығуы керек.

Дәрістер 2023 жылдың 5 ақпанына дейін, ал емтихандар 2023 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.

Оқыту тегін. Алайда, 130 еуро көлемінде семестрлік жарна қарастырылған. Германияда болуға байланысты барлық шығындарды (тұру, тамақтану, ұшу, визалық шығындар) студент өзін-өзі қаржыландыру есебінен өтейді.


Жатақханада бөлмені алу үшін өтінішті мына сілтеме арқылы жіберуіңізге болады.
https://www.stw-thueringen.de/en/housing/application/.
(орындар саны шектеулі болғандықтан, мүмкіндігінше ертерек өтініш беруді ұсынамыз)

Толығырақ ақпаратты МЫНА ЖЕРДЕН таба аласыз.
Және мына сілтеме арқылы: https://www.hs-schmalkalden.de/en/international/incoming-students/application-and-enrollment.html;


Өтініш берушілер int_office@dku.kz немесе visa@dku.kz электрондық пошталарына PDF форматындағы келесі құжаттардың скан нұсқасын жіберу керек:

  • Транскрипт
  • Тіл деңгейін растайтын сертификат (ағылшын/неміс В2 төмен емес)
  • Уәждемелік хат
  • Түйіндеме

Дедлайн: 23 мамыр 2022 жыл, 17:00


! Назар аударыңыз : құжаттарды тапсырмас бұрын, Шмалькальден университетінің веб-сайтында сіздің мамандығыңызға сәйкес келетін пәндердің бар-жоғын тексеріңіз.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық байланыс және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз:
Елена, int_office@dku.kz, Айжан, visa@dku.kz, +7 (727) 355-05-51 (ішкі 242).

Бөлісу