Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

2021 жылдың 21 тамызында Арал теңізіндегі Жазғы мектеп аяқталды

2021 жылдың 21 тамызында Арал теңізіндегі Жазғы мектеп аяқталды. Бағдарлама 11 күнге бөлінді, алғашқы екі күн туралы біздің жаңалықтар арнасынан немесе DKU Табиғи Ресурстар Институтының парағынан оқыңыз.

Сіздердің назарларыңызға өткен іс-шаралар мен Жазғы мектептің экскурсиялары, экология туралы қызықты деректер туралы бейне-күнделік ұсынамыз. Біздің бейнені соңына дейін көріңіз және шағын челленджге қатысыңыз.

Бұл мектеп «Жас көшбасшылар — өзгерістер векторы» атты ESERA білім беру бағдарламасының бірінші компоненті болып табылады. Ол Орталық Азияда және одан тыс жерлерде сөздерді іс-әрекетке айналдыруға мүмкіндік беретін түрлі бастамалар арасында байланыс орнату үшін платформаны нығайту арқылы жастардың экологиялық хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Бағдарламаның екінші бөлімі Солтүстік Арал теңізі өңірінің таңдалған тақырыптық зерттеулерінде экожүйелерге, қоғам мен экономикаға ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы су ресурстарын басқару саласындағы жас мамандардың әлеуетін арттыруға арналған. Жаңалықтарды қадағалаңыз!

Сұрақтар туындаған жағдайда, DKU Табиғи ресурстар институтына хабарласа аласыз.
http://www.academic-waters.org/ru/

Бөлісу