Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

2021 Дүниежүзілік серпінді технологиялар байқауына қатысушылардың кездесуі

2021 жылғы 25 ақпанда Дүниежүзілік серпінді технологиялар 2021 байқауының қатысушылары Кіріспе сессия аясында конкурс ұйымдастырушыларымен кездесті.

Кездесу онлайн форматында өтті.

Байқау Арал теңізі аймағындағы жерлерді қалпына келтіруге бағытталғанын еске саламыз.

Challenge Week шеңберінде қорытынды онлайн-кездесуде оқыту және өз идеяларын одан әрі қорғау үшін қазылар алқасы 24 жобаны іріктеп алды.

Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларды өкілдер қарсы алды:

  • Дүниежүзілік банк,
  • Қазақстан-Неміс университеті (DKU),
  • Ландшафттардың Жаһандық Форумы (GLF),
  • Plug and Play (Силикон алқабы).

Қатысушылар алдағы оқу бағдарламасымен танысып қана қоймай, ұйымдастырушыларға нақты сұрақтар қоя алды.

Іріктелген жобалармен сілтемеге өту арқылы таныса аласыз: https://events.globallandscapesforum.org/disruptive-technology/selected-proposals.

Қосымша ақпаратты алу үшін Балжан Жұмағазинаға жолығуыңызға болады: zhumagazina@dku.kz.

Жоба Орталық Азия үшін су-энергетикалық бағдарламаның (CAWEP) қолдауымен, Дүниежүзілік банктің басшылығымен іске асырылады, оны Еуропалық Одақ, Швейцария және Біріккен Корольдік қаржыландырады, сондай-ақ ол RESILAND CA+тұрақты ландшафтын қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жобаны Қазақстан-Неміс университеті (DKU) Ландшафттардың жаһандық форумымен (GLF) және Plug and Play (P&P) серіктестікте іске асырады.

Бөлісу