Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

2020 жылдың 3−28 тамызы аралығында DKU үміткерлеріне арналған қарқынды курс басталады

Құрметті DKU абитуриенттері!

2020 жылдың 3−28 тамыз аралығында 4 пән бойынша қарқынды курс басталады:

  • математика
  • физика
  • неміс тілі
  • ағылшын тілі.

* Осы курс аясында тыңдаушы бір/екі пәнді таңдай алады (артық емес).

Курс 4 аптаға есептелген, бір пән 60 академиялық сағатты (1 академиялық сағат 45 минут) қамтиды және білімдегі олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, жоғары оқу орнының экономикалық/техникалық мамандықтары пәндерінің базалық материалын меңгеруге және бакалавриаттың білім беру бағдарламаларында оқуға дайындалуға мүмкіндік береді.

Оқыту 8-ден 15 адамға дейінгі топтарда өтеді.

Сабақ өткізу форматы: онлайн

Курс тыңдаушыларымен DKU оқытушылары жұмыс істейді.

Курстың бағасы: бір пәннің бағасы 48000 теңгені құрайды, төлем курстың басталуына дейін (келісімшарт жасалғаннан кейін) бір төлемде немесе екі - курс басталғанға дейін курс құнының 50% және 2020 жылдың 15 тамызына дейін 50% төленуі мүмкін.

Курстарға тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://docs.google.com/forms/d/1QavGdIhXq4q2akQKtCyiA2bPAoZN_8ZW5N1AhHni6w8/edit

Байланыс үшін: kruglik@dku.kz

8 (727) 355 05 51 ішкі 250, (дүйсенбі- жұма 8-ден 17:00-ге дейін).

Бөлісу