Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

2019 жылы 22 қарашада «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру — экономиканы жаңғырту мен инновациялық дамытудың маңызды бағыттары"тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

2019 жылы 22 қарашада Қазақстан-Неміс Университетінде (ҚНУ) «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру — экономиканы жаңғырту мен инновациялық дамытудың маңызды бағыттары"тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің мақстаы: энергия үнемдеу саласында білікті мамандарды дайындауда, энергия аудитін жүргізуде, энергия үнемдеуші технологияларды пайдалануда, энергия үнемдеуді дамыту және жабдықтың энергетикалық тиімділігі мен сенімділігін арттыру мәселелерінде инновациялық шешімдерді іздестіруде тәжірибе алмасу.

Осы бағыттағы өзекті мысалдар:

  • энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласында білікті мамандар даярлау;
  • энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы инвестициялар;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта және өндірісте энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру;
  • баламалы, жаңартылатын энергия көздері;
  • энергияны үнемдеу технологиялары: енгізудің үздік тәжірибесі;
  • кәсіпорындардағы энергия аудиті.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 111−113, ҚНУ ғимараты, 10:00-ден 16:00-ге дейін.
Тіркеу басталуы: 9:30. Дөңгелек үстелдің басталуы:10:00.
Конференцияның ресми тілі: орыс, ағылшын, неміс.

Барлық сұрақтар бойынша «Энергетикалық және экологиялық техника» білім беру бағдарламасының оқытушысы Мадина Жалалдинқызы Шавдиноваға хабарласыңыздар. Байланыс үшін: +7 (727) 355 05 51 (ішкі 218), +7 705 965 44 59, shavdinova@dku.kz.

ҚНУ ғалымдар мен сарапшыларды, мамандарды, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуға шақырады!

Бөлісу