Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

17 наурыз күні «Наурыз» мерекесіне арналған волейболдан жыл сайынғы жарыс өтті

2019 жылы 17 наурызда «Денсаулық" спорт кешенінде Наурыз мейрамына орай Қазақстан-Неміс университетінің командалары арасында волейболдан жыл сайынғы жарыс өтті.

Ойынға 5 команда қатысты: ҚНУ құрама командасы, 1 курс командасы, 2−3 курс құрама командасы, волейбол әуесқойлары және түлектер командасы. Турнирдің барлық командалары жақсы ойын көрсетті.

Әсіресе, команда ойыншылары: Куткужинов Темірхан, Рахишбаев Айдос, Копейкин Александр, Ким Максим ерекше көзге түсті.

Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1-орынды түлектер командасы иеленді
2-орынды ҚНУ құрама командасы иеленді
3-орынды 1 курс командасы иеленді
4-орынды 2−3 курс құрама командасы иеленді
5-орынды волейбол әуесқойлары командасы иеленді

Барлық жеңімпаздар кубокпен және грамоталармен марапатталды.

Жарыс ұйымдастырушыларына, түлектер командасына, Ксения Кашинаға, Андрей Попов мен ҚНУ әкімшілігіне ерекше алғысымызды білдіреміз.

Бөлісу