Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

15 және 21 желтоқсанда 2021 серпінді технологиялар конкурсына қатысу мәселелері бойынша онлайн-кездесулер өтті

2020 жылғы 15 және 21 желтоқсанда серпінді технологиялар 2021 байқауы шеңберінде онлайн-кездесулер өтті, оның барысында байқауды өткізу ерекшеліктері туралы төменде көрсетілгін ұйымдар өкілдері баяндады:

  • Дүниежүзілік банк;
  • Қазақстан-Неміс университеті (DKU);
  • Ландшафттардың Жаһандық Форумы (GLF);
  • Plug and Play (P&P, АҚШ, Силикон алқабы).

Байқау шарттары:

  • Арал теңізі өңіріндегі жерлерді қалпына келтіру бойынша өзінің жаңашыл идеясын ұсыну;
  • өтінімді 2021 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей беру;
  • жер шарының кез келген нүктесінен кез келген адам қатыса алады.

Байқау шарттары туралы профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша көбірек білуге болады.

Жоба Орталық Азия үшін су-энергетикалық бағдарламаның (CAWEP) қолдауымен, Дүниежүзілік Банктің басшылығымен іске асырылады, оны Еуропалық Одақ, Швейцария және Біріккен Корольдік қаржыландырады, сондай-ақ RESILAND CA+ Тұрақты ландшафтын қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жобаны Қазақстан-Неміс университеті (DKU) Ландшафттардың жаһандық форумымен (GLF) және Plug and Play (P&P) серіктестікте іске асырады.


Қосымша ақпаратты алу үшін Балжан Жұмағазинға хабарласуыңызға болады zhumagazina@dku.kz.

Бөлісу