Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

10−11/12 сынып оқушылары арасында Шешендік шеберлік байқауы 2021

Қазақстан-Неміс университеті қазақ, неміс және ағылшын тілдерінен 10−11/12 сынып оқушылары арасында шешендік шеберлік байқауына қатысуға шақырады.

Байқау DKU Тілдік дайындық және сертификаттау институты базасында өтеді.

Аталған іс-шараның мақсаты — оқушылардың қазақ, неміс және ағылшын тілдерін көпмәдениеттілік және көптілділік контекстінде оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру арқылы білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық дамуы болып табылады.

Төменде сіз қатысу талаптарымен таныса аласыз. Әр тілдің өз шарттары мен мерзімдері бар.


«Шешендік өнер байқауы-2021», қазақ тілі

Критерийлері:

Байқау келесі форматта өтеді:

  1. Қатысушыларға өз сөздерінің қысқа бейнеролигін түсіріп, оны 2021 жылғы 5 қарашаға дейін sheshendikonerkz@gmail.com электрондық мекенжайына толтырылған өтініммен (үлгі осы жерде) бірге жақсы сапада жіберу ұсынылады.
  2. Қатысушылармен және жұмыстармен танысқаннан кейін қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, нәтижелері туралы ақпаратты 2021 жылдың 13 қарашасында жариялайды.

Барлық сұрақтар бойынша: sheshendikonerkz@gmail.com


«Wettbewerb in Redekunst — 2021», неміс тілі

Критерийлері:

Байқау келесі форматта өтеді:

  1. Қатысушыларға өз сөздерінің қысқа бейнеролигін түсіріп, оны 2021 жылғы 12 қарашаға дейін dku. deutsch@gmail.com электрондық мекенжайына толтырылған өтініммен (үлгі осы жерде) бірге жақсы сапада жіберу ұсынылады.
  2. Қатысушылармен және жұмыстармен танысқаннан кейін қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, нәтижелері туралы ақпаратты 2021 жылдың 20 қарашасында жариялайды.

Барлық сұрақтар бойынша: dku.deutsch@gmail.com



«Speech Contest- 2021», ағылшын тілі

Критерийлері:

  • презентация: сендіру сөзін ұсыну
  • бейне ұзақтығы: 3−5 минут
  • ағылшын тілінің деңгейі: B2 және одан жоғары
  • тақырыбы: еркін

Байқау келесі формата өтеді:

  1. Қатысушыларға өз сөздерінің қысқа бейнеролигін түсіріп, оны 2021 жылғы 13 қарашаға дейін dkuspeechcontest@yandex.ruэлектрондық мекенжайына толтырылған өтініммен (үлгі осы жерде) бірге жақсы сапада жіберу ұсынылады.
  2. Қатысушылармен және жұмыстармен танысқаннан кейін қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, нәтижелері туралы ақпаратты 2021 жылдың 27 қарашасында жариялайды.

Барлық сұрақтар бойынша: dkuspeechcontest@yandex.ru


Жүлделер

Жеңімпаздарға тұрмыстық және цифрлық техникаға сертификаттар беріледі:

  • 1 орын — 50.000 теңге
  • 2 орын — 20.000 теңге
  • 3 орын — 10.000 теңге

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

Бөлісу