Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

10−11 сынып оқушылары мен колледж түлектеріне арналған дайындық курстар

Университетке сәтті түскіңіз келе ме? Олай болса, біз сізді DKU дайындық курсында күтеміз.

Курс 2 бағдарламадан тұрады.

«Базалық (міндетті пәндер)» бағдарламасы 160 акад. сағат:

• Математикалық сауаттылық — 80 сағат.

• Қазақстан тарихы — 80 сағат.

«Базалық» бағдарламаның бағасы — 160 акад. сағатқа 180 000 теңгені құрайды (яғни бір академиялық сағаттың бағасы 1 125 теңгені құрайды).

«Бейіндік» бағдарламасы, пәндер мамандыққа қарай таңдалады:

• География — 80 сағат.

• Физика — 80 сағат.

• Дүниежүзі тарихы — 80 сағат.

• Ағылшын тілі/Неміс тілі — 80 сағат (Тілдік топтар деңгей бойынша құралады. Ағылшын немесе неміс тілін таңдаған кезде деңгейіңізді белгілеңіз).

«Бейіндік» бағдарламсының бағасы — бір пәнге 90 000 теңгені құрайды.⠀

Курстың ұзақтығы: шамамен 5 ай

Назар аударыңыз!

Курстың жалпы құны екінші блоктағы таңдалған пәндер санына байланысты. Төлем ай сайын немесе бір траншпен жүргізілуі мүмкін.

Курсты Университетке дейінгі және кәсіптік білім беру орталығы (УДКББО) әзірледі. Орталық туралы толығырақ мына жерде.

Курстарға тіркелу 15.11.2020 бастап 29.12.2020 дейін төмендегі сілтеме бойынша немесе электрондық пошта арқылы: kruglik@dku.kz


https://docs.google.com/forms/d/1QavGdIhXq4q2akQKtCyiA2bPAoZN_8ZW5N1AhHni6w8/viewform?edit_requested=true

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуыңызға болады: +7 727 355 05 51 ішкі 250 жұмыс уақытында (Дс-Жм) 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін).

Бөлісу