Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Пәндерді қайта оқыту курстары туралы ақпарат

Құрметті студенттер!

Емтиханға жіберілмеуі немесе емтиханда F бағасын алуы салдарынан пайда болған академиялық берешектерді жою үшін пәндерді қайта оқыту курстары ұйымдастырылады. 2020−2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбеге сәйкес курстар 2021 жылғы 14 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді, пәндерді қайта оқу курстарына белгіленген GPA баллы және 3 пәннен аспайтын қарызы бар студенттер жіберіледі.

Курстарға жазылу үшін үлгі бойынша өтініш жазып, төлем жасау керек. Бір пәннің құны 25000 теңге. Курстарға өтініштер 2021 жылдың 13 маусымына дейін қабылданады.

Курстардың кестесі www.dku.kz веб-сайтында, «Сабақ кестесі" бөлімінде орналастырылады.

Барлық сұрақтар бойынша тел.: +7 727 355 05 51, ішкі. 924, 209 немесе studoffice@dku.kz поштасына жазыңыз.

Құрметпен,

Оқу мәселелері жөніндегі бөлім.

Бөлісу