Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Әскери кафедраға құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 5 тамызына дейін жалғасады

Әскери кафедрадан өтуді қалайтын DKU студенттері «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ жанындағы әскери кафедраға конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім бере алады.

Запастағы офицерлердің бағдарламасы бойынша әскери даярлық мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады, ал запастағы сержанттардың бағдарламасы бойынша тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін негізде оқуға конкурс шарттарынан өткен әскери кафедралары бар ЖОО студенттері, ал ақылы негізде оқу үшін конкурс шарттарынан өткен және әскери кафедра бөлген орындар санына сәйкес Комиссия ұсынған студенттер жіберіледі. Әскери кафедраға оқуға қабылданған студенттер шақыру бойынша әскери қызметке әлеуетті кандидаттар болып табылады және тиісті міндеттеме қабылдайды.

Студенттерді ақылы негізде оқыту үшін қабылдау жоспарына сәйкес басқа жоғары оқу орындарының студенттері жіберіледі.

Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы 2021 жылғы 5 тамызда аяқталады.

Конкурсқа қатысуға конкурс өткізілетін жылға 24 жастан аспаған студенттер жіберіледі.


Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңде жүзеге асырылады:

Бірінші кезең — медициналық куәландырудан өту;

Екінші кезең — кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу;

Үшінші кезең — дене дайындығын тексеру;

Төртінші кезең — конкурстық іріктеу.

Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.


Іріктеу комиссиясының жұмысы 2021 жылғы 16−26 тамыз аралығында жоспарланып отыр.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен қабылданады.

Әскери даярлық ЖОО-да оқуды аяқтағанға дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен (кәсіптік практикамен) аяқталады.


Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент әскери кафедраға келіп, мынадай құжаттарды қоса тіркей отырып, өтініш ресімдейді:

1. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).

2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі).

3. 3×4 см өлшемді 2 фотосурет.

4. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

5. Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса).

6. Студенттің ЖОО-да оқитынын растайтын анықтама.

Медициналық куәландырудан өту үшін әскери кафедрада студенттерге ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі. Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін медициналық куәландыру нәтижелері әскери кафедраға 2021 жылғы 5 тамыздан кешіктірілмей ұсынылады.

Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.


Студенттердің дене дайындығы дене шынықтыру нормативтерін тапсыру нәтижелерімен бағаланады:

Студент жігіттерге арналған дене шынықтыру нормативтері

№ п/п

Бақылау жаттығулар

Балл

«5»

(өте жақсы)

«4»

(жақсы)

«3»

(қанағаттанарлық)

1.

© 100 м жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

(мин) 3000 м жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белтемірге тартылу
(есе саны)

12

10

8

Студент қыздарға арналған дене шынықтыру нормативтері

№ п/п

Бақылау жаттығулар

Балл

«5»

(өте жақсы)

«4»

(жақсы)

«3»

(қанағаттанарлық)

1.

© 100 м жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

(мин) 2000 м жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Шалқасынан жатып денені көтеру, қолды бастың артына көтеру (есе саны)

25

20

15

Үш норматив тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.


Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу компьютерлік сыныптарда жүргізіледі және уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыни және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

Әскери кафедраға тегін негізде оқу үшін рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейінгі студенттер жіберіледі.

Конкурс кезеңдерінің нәтижесімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша өтініш (еркін нысанда) береді.


Әскери кафедраның презентациясы қолжетімді мына жерде.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 233−78−68, 8701−400−65−44 немесе ҚазХҚжӘТУ ресми сайтында «Әскери кафедра» бөлімінде басты бетте немесе сілтеме бойынша: https://www.ablaikhan.kz/ru/for-students/for-students/military-department.html

Бөлісу