Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

ҚНУ/ DKU ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ГРАНТЫНА БАЙҚАУ

ЖАЗҒЫ СЕМЕСТР 2021

Қазақстан-Неміс университеті университет оқытушылары арасында ғылыми-зерттеу жобасын өткізуге байқау жариялауға қуанышты. 1.000.000 теңгеге дейінгі мөлшерде бір ғылыми-зерттеу гранты 2021 жылдың жазғы семестрінде ғылыми мақала, ғылыми монография жазуға және жариялауға, ғылыми далалық (маркетингтік) зерттеу жүргізуге немесе ғылыми эксперимент жүргізуге берілуі мүмкін. Өтініштер жеке немесе бірнеше DKU оқытушыларының тобында берілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияның мекен-жайына келесі құжаттарды жолдау қажет:

  • Гранттық қаржыландыруға өтініш (1 қосымшасын қараңыз)
  • Ғылыми жобаның толық сипаттамасы, оның ішінде:
  • Жобаның атауы, оқытушының аты-жөні, факультет, лауазымы, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағы, байланыс ақпараты көрсетілген титул парағы;
  • Ғылыми жобаның толық сипаттамасы (15 беттен артық емес), соның ішінде:
    1. кіріспе;
    2. жобаның маңыздылығы мен өзектілігін негіздеу;
    3. зерттеу әдістерінің сипаттамасы;
    4. күтілетін нәтижелер;
    5. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
    6. кестелер мен графиктердің тізімі жеке құжатпен (егер осы шарт қолданылатын болса);
  • жобаны іске асыру мерзімі (2 қосымшасын қараңыз);
  • жоба сметасы (3 қосымшасын қараңыз)
  • факультет деканының ұсыныс хаты
  • оқытушының соңғы үш жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі
  • мүдделер қақтығысының болмауы туралы декларация (4 қосымшасын қараңыз)

Өтініштерді мына мекенжай бойынша жолдау керек: researchgrantDKU@dku.kz

Өтінім берудің соңғы мерзімі — 2021 жылғы 10 наурыз (Алматы уақытымен сағат 18:00).

Бөлісу