Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел 2020 жылдың 8 желтоқсанында өтеді

Сіздерді Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың қолдауымен онлайн-форматта өтетін дөңгелек үстел аясында еліміздің құрылыс саласындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша пікірталасқа қатысуға шақырамыз.

Пікірталасқа Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындарының өкілдері, халықаралық ұйымдар мен бизнес қауымдастықтары қатысады.

Өткізу күні: 8 желтоқсан 2020 жыл.

Уақыты: 14.00 (Алматы уақытымен).

Дөңгелек үстелдің тақырыптары:

  • Энергия үнемдеу мәселелері.
  • ҚР құрылыс саласында энергия тиімділігін арттыру әдістерін әзірлеу.
  • Германия сарапшыларынан энергия үнемдеу тәжірибесімен алмасу.
  • Энергия аудитін жүргізу мысалдары.

Сіздерді онлайн-кездесуде күтеміз! Конференцияға мына Zoom сілтемесі бойынша қосылыңыз:

https://zoom.us/j/94655737939?pwd=TnpVMTNsTGJ6VGZWRE9aQVd1Wmxodz09

Сұрақтарыңыз қалды ма? Олай болса төмендегі байланыстар бойынша хабарласыңыз:

  • Алексей Кобзев, ЖЭК және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалар менеджері, DKU, kobzev@dku.kz, +77770333264.
  • Мадина Шавдинова, DKU, shavdinova@dku.kz
Бөлісу