Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

10−11/12 сынып оқушыларын Шешендік шеберлік конкурсына қатысуға шақырамыз

Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) 10−11/12 сынып оқушыларын үш тіл бойынша Шешендік шеберлік конкурсына қатысуға шақырады.

  • қазақ;
  • неміс;
  • ағылшын.

Байқаулар DKU Тілдік дайындық және сертификаттау институтының базасында өткізіледі.

Аталған іс-шараның мақсаты оқушылардың көпмәдениеттілік және көптілділік контекстінде тілдерді үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру арқылы білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық дамуы болып табылады.


Неміс тілі бойынша байқау 2 кезеңде өткізіледі:

1. Қатысушыларға ұсынылған тақырыптардың бірі бойынша өз сөздерінің қысқа бейнеролигін жақсы сапада түсіріп, оны толтырылған өтініммен бірге 2020 жылғы 16 қарашаға дейін сілтеме бойынша өтіп жіберу ұсынылады https://goo-gl.su/uNJsG.

2. 2-ші турдан өткеннен кейін қатысушыларға 28.11.2020 жюри мүшелері мен көрермендер алдында «онлайн» режимінде сөз сөйлеу ұсынылады.

Сауалнамалар мен бейнематериалдарды өңдеу нәтижелері бойынша ұйымдастыру комитеті 2-турға қатысу туралы растау хатты 25.11.2020 дейін жібереді.


Қазақ тілі мен ағылшын тілі бойынша байқау келесі форматта өткізіледі:

1. Қатысушыларға өз өнерлері туралы қысқаша видео түсіріп, толтырылған өтініммен бірге сапалы түрде жіберуге шақырылады:

Қазақ тілі: 5 қараша 2020 мына сілтеме бойынша https://goo-gl.su/7gDh9c

Ағылшын тілі: 16 қараша 2020 мына сілтеме бойынша:

https://docs.google.com/forms/d/1Q0DXzQ81Av0w84FJpu3SsOspMNZ1uUaVs10phdQQV5U/edit?usp=sharing

2. Қатысушылармен және жұмыстармен танысқаннан кейін қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, нәтижелері туралы ақпаратты жариялайды:

Қазақ тілі: 18 қараша 2020

Ағылшын тілі: 28 қараша 2020


Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен көпшілік алдында сөз сөйлеуде практикалық тәжірибе алады.

Барлық сұрақтар бойынша: yergeshova@dku.kz

Бөлісу