Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Франкфуртте Жазғы мектеп!

2021 жылдың тамызында Майндағы Франфурттегі Гёте университеті Жазғы мектеп өткізеді.

Жазғы мектеп қатысушыларына «Нарыққа оралу», «Ұйымдастырушылық мінез-құлық", «Гендерлік зерттеулер», «Жаһанданған әлемдегі құқық", «Әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеу әдістері", «Кванттық механика» немесе «Жасанды интеллект этикасы сияқты 20 түрлі академиялық модульдер ұсынылады.

Жазғы мектеп студенттері 2 және 4 апталық бағдарламаны таңдай алады.

Қосымша мүмкіндіктер ретінде студенттер неміс тілі сабақтарында қатыса алады.

Мәдени шолу үшін Жазғы мектеп қатысушыларына Франкфурт және Хайдельберг қалаларына экскурсиялар, сонымен қатар демалыс күндері Берлин мен Амстердамға сапарлар ұсынылады.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 30 сәуір 2021 ж.

Кім қатыса алады: BA және MA студенттері.

Қатысу үшін онлайн-өтінімді толтыру керек:
ttps://www.service4mobility.com/europe/BewerbungServlet?identifier=FRANKFU01&kz_bew_pers=S&kz_bew_art=IN&aust_prog=FSS&sprache=en

Қосымшада сіз бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты және 2021 жылға арналған барлық модульдерге шолу жасай аласыз.

Frankfurt Summer School 2021. Жүктеп алу.

FSS_Module Overview_2021. Жүктеп алу.

Жазғы мектеп туралы қосымша ақпаратты университеттің сайтында таба аласыз: http://summerschool.uni-frankfurt.de/.

Қатысу құны туралы ақпарат: https://summerschool.uni-frankfurt.de/admissions/

Ескерту: Франкфурттегі Жазғы мектеп коронавирустық пандемияға байланысты сапарларға шектеулер сақталған жағдайда онлайн режимінде өткізіледі.

Бөлісу