Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Тәженова Жібек Елбасының қола медалінің иегері атанды

DKU «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Тәженова Жібек ұлттық жобаның жүлдегері және Елбасының қола медалінің иегері атанды!

Елбасы медалі - 14 пен 29 жас аралығындағы жас және өршіл қазақстандықтарға арналған жоба!

Қатысушылардың міндеті жеті бағыт бойынша өз дағдыларын дамыту: таланттар мен дағдылар, спорт және физикалық даму, еріктілік, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік жорықтар және еңбек практикасы.

Жоба ережелеріне сәйкес қатысушылар деңгейлердің бірін таңдайды: «алтын», «күміс» немесе «қола». Олар барлық деңгейлерден біртіндеп өте алады немесе жасына сәйкес жоғары деңгейге бірден жазыла алады.

  • Қола — 14 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 6 айға созылады
  • Күміс — 15 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 12 айға созылады
  • Алтын — 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 18 айға созылады.

Финалистерге ерекшелік белгісі - Елбасы медалі беріледі.

Жобаның әрбір қатысушысына тәлімгер бекітіледі, оның басшылығымен қатысушы 6 немесе 7 бағыт бойынша мақсаттарды дербес айқындайды және оларға қол жеткізеді. Бағдарлама барысында қатысушы бейне сабақтар алады, тапсырмаларды орындайды және прогресті бақылауға көмектесетін жеке күнделігін жүргізеді.

Жібек 6 айға созылған бүкіл бағдарламаны өте жақсы орындап, жобаның финалисті болды. Бұған оның белсенді өмірлік ұстанымы, мақсат қою және оларға қол жеткізу қабілеті көмектескеніне сенімдіміз. Айта кететін жәйт, Жібек шахматтан республикалық және халықаралық трунирлердің жүлдегері, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласының чемпионы.

Құттықтаймыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

Бөлісу