Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Орталық Азия елдері университеттерінің профессор-оқытушылар құрамына арналған табиғатты пайдалану экономикасы академиясы» онлайн-курсы

«Орталық Азия елдері университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамына арналған табиғатты пайдалану экономикасы академиясы» онлайн-курсына тіркеліп үлгеріңіз. Тіркелу 2021 жылдың 15 наурызына дейін қоса ашық.

Іс-шара тілі: орысша.

Ұзақтығы: 3 апта ішінде 72 сағат.

Онлайн платформалар: Moodle және Zoom.

Оқудың басталуы: шамамен 12 сәуір 2021 ж.

  • Курсқа қатысу тегін.
  • Оқуды аяқтаған соң курстан өткені туралы сертификат беріледі.

Оқытуды Қазақстан-Неміс университеті (DKU) «Еуропалық Одақ — Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық" (WECOOP) жобасымен бірлесе жүргізеді.

Курстың мақсаты — Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің тәжірибесімен алмасу:

— жасыл қаржыландыру және инновациялық экономикалық құралдар,

— жасыл экономиканың өршіл мақсаттарына жету үшін ынталандыру

Курстан күтілетін нәтижелер:

— қолданыстағы оқу бағдарламаларын қайта құрылымдау,

— жеке оқу-әдістемелік материалдарды жасаудағы тәлімгерлік.

Оқу бағдарламасына мыналар кіреді:

су ресурстары, жаңартылатын энергия және айналмалы экономика, қоршаған ортаны басқарудың қаржылық-экономикалық құралдары, экономикалық секторлардың өзара байланысы — NEXUS тәсілі, экожүйелік қызметтердің экономикалық бағасы, Еуропалық Жасыл келісім және мүмкіндіктерге шолу сияқты экологиялық экономиканың практикалық аспектілері Орталық Азиядағы жасыл инвестициялар/экологиялық инновациялар үшін мүмкіндіктерге шолу.

Мына сілтеме бойынша тіркеліңіз: docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfl_5Fu-6ls8mwMHf49JuxDFD397Qanm5jUEKzqfG8AulrglA/viewform?usp=sf_link

Сұрақтарыңыз болған жағдайда жоба үйлестірушісі Мария Генинаға хабарласуыңызға болады: genina@dku.kz, 87772610798 (WhatsApp).

Бөлісу