Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Орталық Азиядағы азаматтық белсенділік мәселелері бойынша DKU Talks 27 қараша, 2020

Қазақстан-Неміс университеті барлық ниет білдірушілерді 27 қараша күні сағат 16: 00-де (Алматы уақыты бойынша) тікелей эфирде өтетін «Орталық Азиядағы азаматтық белсенділік: бастаулар, динамика және перспективалар» атты DKU Talk-қа қуана шақырады.

Соңғы жылдары байқалған құбылыстардың бірі аймақтағы азаматтық белсенділік пен әлеуметтік қозғалыстардың өсуі болды. Азаматтық белсенділіктің өсуін қалай түсіндіруге болады, қазіргі қоғамда әлеуметтік қозғалыстардың рөлі қандай және олардың ішіндегі қозғаушы күш кім? Осы және басқа да мәселелерді талқылау үшін біз Қазақстан мен Қырғызстанның сарапшыларын шақырдық: Әсел Доолоткельдиева, Нұрсейіт Ниязбеков және Камила Ковязина.

Саяси ғылымдарының докторы Әсел Доолоткельдиева Бішкектегі ЕҚЫҰ Академиясының оқытушысы және зерттеушісі, сондай-ақ әлеуметтік жұмылдыру және наразылықтар, ресурстарды өндірудің саяси экономикасы және ресурстық ұлтшылдық, постсоциализм, саяси режимдер және Орталық Азиядағы азаматтық қоғам мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

Саяси ғылымдарының докторы Нұрсейіт Ниязбеков КИМЭП Университетінің ассистент-профессоры, коммунистік кезеңнен кейінгі және дамушы елдердегі әлеуметтік қозғалыстар мен демократияландыру, Орталық Азиядағы саяси мәдениет және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі сарапшы болып табылады. Доктор Ниязбеков Оксфорд университетінде Қазақстандағы наразылық пен демократияландыруды жұмылдыру тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Ол сондай-ақ Швециядағы Гетеборг университетінің «Varieties of Democracy» Қазақстан бойынша жобаның үйлестірушісі болып табылады.

Камила Ковязина Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының ғылыми қызметкері және БҒМ мен Дүниежүзілік Банктің Жастар корпусын дамыту жөніндегі жобаның жетекшісі болып табылады. Оның Қазақстандағы жария саясат саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының үлкен тәжірибесі бар.

Іс-шара жұмыс тілі орыс тілі.

Өткізу күні: 27 қараша 2020, 16:00 Алматы

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/2518058675?pwd=RGc0OWVTWU1TRlkxYUUyZEJIdjB1Zz09

  • Конференция идентификаторы: 251 805 8675

  • Қосылу коды: 3GHKrJ

DKU Talks Германияның Сыртқы істер министрлігі берген қаражаттан DAAD қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Бөлісу