Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Назар аударыңыз: әскери кафедраға құжаттарды қабылдау басталды

2022 жылдың 14 ақпанынан бастап Абылай хан атындағы «ҚазХҚжӘТУ» АҚ жанындағы әскери кафедраға оқуға конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген студенттерден (ұлдар мен қыздар) құжаттарды қабылдау басталды.

Құжаттар қабылданады:

  • 4 жыл оқитын 1 курс студенттерінен
  • 5 жыл оқитын 2 курс студенттерінен

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін Досмұхамедов көшесі, 15 (Гоголь және Шәріпов көшелерінің қиылысы) мекенжайы бойынша әскери кафедраға келу керек.

Келесі құжаттар болуы тиіс:

  1. жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
  2. тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);
  3. 3x4 фотосуреті, 2 дана
  4. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  5. спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса);
  6. факультет, мамандық коды, оқу курсы және оқу тобы көрсетілген студенттің университеттегі нақты білімі туралы анықтама.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 233−78−68, 8−701−400−65−44 (қоңырау шалу сағат 9:00-ден 16:30-ға дейін) немесе или ҚазХҚжӘТУ сайтында әскери кафедра бөлімшесінде: https://www.ablaikhan.kz/ru/for-students/for-students/military-department.html

Бөлісу