Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Миколас Ромерис Университетінің (Литва) шәкіртақылары

Бакалавриаттың 3 курс және магистратураның 1 курс студенттерінің назарына!

Миколас Ромерис университетінде (Литва) оқуға 2021−2022 жж.қысқы семестрге стипендия алуға конкурс жарияланады.

Орындар саны шектеулі.

Литвалық Миколас Ромерис университеті біздің студенттерге Литва үкіметінен 1 семестрге стипендия алуға мүмкіндік береді. Стипендия туралы барлық қажетті ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.

Талаптар:

1. Ағылшын тілінің деңгейі В2-ден төмен емес.

2. Барлық оқу семестрлеріндегі үлгерімнің орташа балы жақсы болуы тиіс.

Тілек білдірушілер ү. ж. 19 наурызға дейінгі мерзімде төменде көрсетілген құжаттардың скандарын (PDF форматында) электрондық мекенжайларға жіберуі тиіс: int_office@dku.kz, visa@dku.kz:

1. ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат

2. оқудың барлық семестрлері үшін транскрипт

3. уәждемелік хат

4. түйіндеме

Барлық құжаттар ағылшын тілінде болуы тиіс!!!

Стипендиаттарды іріктеу 2 кезеңнен тұрады:

— DKU ішкі іріктеу кезеңі

— МРУ іріктеу кезеңі

! Назар аударыңыз: стипендияға құжат тапсырмас бұрын, Миколас Ромерис университетінің сайтында қысқы семестрде Сіздің мамандығыңызға сәйкес келетін пәндер бар-жоғын тексеріңіз. Миколас Ромерис университеті ұсынатын пәндер сіздің оқу бағдарламаңызға азды-көпті сәйкес келуі керек.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызға болады: Елена, int_office@dku.kz, Айжан, visa@dku.kz, 355−05−51 (ішкі 242).

Бөлісу