Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Медиация бойынша Бірінші Орталық Азия Форумына қатысуға шақырамыз, 27−28.11.2020

Қазақстан-Неміс университеті мен қазақстандық және халықаралық Медиация орталықтарының қауымдастығы сіздерді «Медиация жөніндегі Бірінші Орталық Азия Форумына» қатысуға шақырады.

Өткізу күні: 27−28 қараша 2020 ж.
Формат: ZOOM алаңында онлайн.
Форум тілдері: қазақ, орыс, неміс, ағылшын.

Форум шеңберінде келесі іс-шаралар жоспарланған:

  • «Қазақстандағы және әлемдегі медиация институтының даму мәселелері мен болашағы» тақырыбына дөңгелек үстел, 27 қараша 2020 ж.

  • Барлық тілек білдірушілер медиация рәсімін өткізу тәртібі мен ерекшеліктері бойынша өз сұрақтарына жауап ала алатын «Ашық есік күні", 28 қараша 2020 ж.

  • Медиация саласындағы танымал сарапшылар мен практиктердің шеберлік сабақтары, 27 қараша 2020 ж.

  • Орталық Азия елдерінің медиаторлары мен келіссөз жүргізушілерінің командалары арасындағы Халықаралық медиация конкурсы, 27 қараша, 2020 ж.

Орталық Азия елдерінің медиаторлары мен келіссөз жүргізушілерінің командалары арасындағы Халықаралық медиация конкурсы.

Байқауға қатысу үшін екі кезеңнен өту қажет:

1 кезең — 3 қатысушыдан команда жинау, 3 минуттан аспайтын бейне-визитка жазу және 2020 жылдың 23 қарашасына дейін #camediationforum хэштегімен Instagram-ға бейне орналастыру.

Бейне-визиткада сіз өзіңіздің қатысу мотивацияңыз туралы айтып бере аласыз: неліктен сіз конкурсқа қатысуға шешім қабылдадыңыз, сондай-ақ Сіздің еліңізде/өңіріңізде/қалаңызда медиацияның қалай ілгерілеп келе жатқаны туралы айтып бере аласыз.

2 кезең — іріктелген командалар сұрақтарға жауап беретін, кейстер мен басқа да практикалық міндеттерді шешетін онлайн-сессияға қатысады.

Командаларды тіркеу мына сілтеме бойынша:
https://docs.google.com/forms/d/1gLbK4j5YYNOxGViSSaQfK5V85Y6PTDIn5OYGisS9BG0/viewform?edit_requested=true

Форумның қысқа бағдарламасы:

1 күн, 27 қараша 2020 жыл. Уақыты 10:00−15:00

10.00−10.15

Форумның ашылуы. Форумның ұйымдастыру комитетінің құттықтау сөзі:

  • DKU

  • Медиация орталықтарының қауымдастығы

  • Мемлекеттік органдар өкілдерінің

10.15−11.30

«Қазақстанда және әлемде медиация институтының даму болашағы мен мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел

Үзіліс 11.30−12.00

12.00−15.00

«Студенттік және жастар командалары үшін Медиация конкурсы»

Жетекші сарапшылар мен медиация практиктерінің шеберлік сыныптары


2 күн, 28 қараша 2020 жыл. Уақыты 10:00−15:00

10.00−11.30

Ашық есік күні «Медиация туралы не білгім келеді?»

Үзіліс 11.30−12.00

12.00−15.00

Стратегиялық сессия: «ҚР Медиация орталықтарының медиация институтын ілгерілету бойынша бірлесіп іс-әрекеттер әзірлеу»

15.00−15.30

Қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау. Форумның аяқталуы.


Сілтеме бойынша форумға қатысу үшін міндетті тіркеу:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScj0O1DNbDxV_pRJUQWNU9bc72O94-CLuUS9-vxaLCMASmY4w/viewform

Тіркеуден өткеннен кейін сізге қосымша ақпараты бар ақпараттық хат жіберіледі.

Барлық сұрақтар бойынша: camediationforum@gmail.com

Бөлісу