Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Климаттың өзгеруі бойынша онлайн-тағылымдама бағдарламасы: тіркелу ашық

Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі жөніндегі онлайн-тағылымдама бағдарламасына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Тағылымдаманы Қазақстан-Неміс университетінің Табиғи ресурстар институты Дүниежүзілік банк қаржыландыратын Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының «Арал теңізі бассейні үшін климаттың өзгеру салдарларын бейімдеу және жұмсарту бағдарламасы» (CAMP4ASB) жобасы шеңберінде өткізеді.

Бағдарлама туралы толығырақ:

  • жас мамандар мен ғылым докторанттары үшін өткізіледі;
  • көрсетілген тақырып бойынша жалпыға қолжетімді деректер мен білім ресурстарын зерттеуге мүмкіндік береді;
  • тағылымдама ақылы болып табылады.

Тағылымдама мерзімі:

  • 2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін.

Бағдарлама 5 негізгі салаға бағытталған:

  • Су ресурстары;
  • Ауыл шаруашылығы;
  • энергетика;
  • климаттық табиғи апаттар;
  • денсаулық.

Бағдарлама міндеттері:

1) климаттық мәліметтерге қатысты қосымша қызметтерді зерттеу және визуализация/ақпараттық панельдер құралдарын жасау;

2) қосымша білім көздерін зерттеу (мысалы, толық мәтінді журнал мақалалары, есептер, бейнематериалдар, веб-сайттар, карталар) және CACIP-те және қабылдаушы ұйымда қолдану үшін интерактивті білім қорларын әзірлеу;

3) мобильді қосымшаларды әзірлеу.


Өтінімдер 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін қабылданады.

Түйіндеме мен уәждемелік хатты мына электрондық поштаға жолдаңыз: kitapbayev@dku.kz.

Бөлісу