Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Жылу энергетикасы саласындағы қазақстандық мамандардың әлеуетін арттыру бағдарламасы

2022 жылғы 17 мамыр мен 15 маусым аралығында ZOOM платформасында «Жылу энергетикасы секторын реттейтін заңнамада дайындалатын өзгерістерге байланысты қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің, техникалық мамандардың, бизнес пен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің әлеуетін арттыру бағдарламасы» шеңберінде онлайн вебинарлар циклі өткізілді.

Әлеуетті арттыру бағдарламасы VPC GmbH жетекші неміс инженерлік-консалтингтік компаниясының бастамасымен жүзеге асырылды. Бағдарламаның дәрістік және пікірталас бөлігін іске асыру үшін VPC GmbH компаниясының және оның Dornier Academy оқу бөлімшесінің халықаралық және жергілікті сарапшылары тартылды. Бағдарламаны ұйымдастырушылық және техникалық қолдауды Қазақстан-Неміс университеті жүзеге асырды.

Барлығы 4 модульге бөлінген 14 вебинар жоспарланды және өткізілді: технологиялық, жоспарлау мәселелері бойынша, тариф белгілеу мәселелері бойынша, институционалдық.

14 вебинардың әрқайсысына елуден жүзге дейін барлық мүдделі тараптардың өкілдері қатысты: министрліктер, қаржы институттары, жергілікті атқарушы органдар, жылу энергетикасы субъектілері, білім беру, ғылыми және жобалау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер.

Бағдарламаны ұйымдастырушылар өз мақсаттарына барынша қол жеткізе алды:

  • Жылу энергетикасы секторының жаңа моделінің негізгі мәселелері бойынша жүйелі түрде білім беруді қамтамасыз ету;
  • Мүдделі тараптарға әзірленіп жатқан заңнаманың салдары туралы негізгі түсінік беру;
  • Мүдделі тараптарды «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заңға байланысты оларда туындайтын тиісті міндеттемелерге дайындау.

Бағдарламаның барлық материалдарын мына сілтеме арқылы таба аласыз: https://drive.google.com/drive/folders/15-pa_EQMMCLzPzcn8yvLSY-NFMzWDAEP

Төменде көрсетілген сілтеме бойынша сессияның негізгі дәрістік материалдарының бейнежазбаларымен таныса аласыз: https://youtube.com/playlist?list=PLr4IBkxwnInUwmpCayVSelh6P-aMDhdxk

Сұраныс бойынша бағдарлама туралы қосымша ақпарат.

Байланыс ақпараты:

Нариков Әділ (жоба үйлестірушісі) — adil.narikov@vpc-group.biz, Тел.+7 778 354 0048

Динара Шахметова — heating@dku.kz

Бөлісу