Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Бішкек логистикалық форумы туралы ақпарат.

Ақпараттық технологиялар және инжиниринг факультетінің доценттері т.ғ. к. Тюлюбаева Динара және Гармаш Ольга 2022 жылғы 1−3 шілде аралығында И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті қабырғасында Халықаралық логистика мектебі («Логистика» кафедрасы) ұйымдастыруымен өткен жыл сайынғы Бішкек логистика форумына қатысты.

Форум аясында екі секция жұмысы ұйымдастырылды. Бірінші секцияда Қырғызстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардағы жасанды интеллект мүмкіндіктері талқыланды. Екінші секцияның жұмысы аясында қалалық және халықаралық көлік логистикасы мәселелері талқыланды. Өзбекстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Қырғыз Республикасының логистикалық жүйелері қарастырылды.

Тюлюбаева Динара панельдік пікірталаста қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастырудағы ҚР тәжірибесі бойынша қысқаша шолу жасады, сондай-ақ «Қалалық және халықаралық көлік логистикасы» секциясында «Логистика құзыретінің заманауи трансформациясы» тақырыбында баяндама жасады.

Гармаш Ольга «Мемлекеттік сатып алу логистикасындағы деректерді басқару» секциясында «Логистикалық компанияларда клиентке бағдарланған тәсілді қолдану» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, Форум жұмысы аясында Қырғыз Республикасының логистикалық нысандарын аралады.

Бөлісу