Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Білім мәдениетін қолдауға арналған III халықаралық конференция

2022 жылдың 15 қыркүйегінде ЮНЕСКО қамқорлығымен мәдениеттерді жақындастыру Халықаралық орталығында білім мәдениетін қолдау мақсатында III халықаралық конференция өтеді.

Конференция тақырыбы: Ғылыми білім және тарихи жад мәселелері: жергілікті және әмбебап.

Өткізу орны: Алматы қ., Қонаев көшесі, 120

Конференция мақсаттары:

  • мифтерді бұзу және теріс пікірлер мен стереотиптерден арылу мақсатында тарихи ағарту;
  • ғылыми білімді, оның шекараларын және тарихи жадыны қалыптастыру факторларын түсіну;
  • ғылыми білімді сақтаудың маңыздылығын өзектендіру;
  • мәдениеттерді жақындастыру үшін деструктивті әлеуетке ие квази-ғылыми гуманитарлық білімге қарсы іс-қимыл әдістерін әзірлеу.

Конференция секциялары:

  • тарихи білімнің факторлары мен деңгейлері;
  • тарихи жадының ақпараттық өрісі;
  • жад саясаты және қоғамдық сана: әлемдік тәжірибе және Орталық Азия қоғамдарының өңірлік ерекшеліктері.

Қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2022 жылдың 1 маусымына дейін info.crc-kz@mail.ru

Бөлісу