Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Бейнебайқау «Deutsch lernen, aber wie?» DKU 1−2 курс студенттеріне арналған

Құрметті 1 және 2 курс студенттері!

DKU Тілдерді оқыту және сертификаттау институтының неміс бөлімі «Deutsch lernen, aber wie?» үздік бейнероликке байқау жариялайды.

Байқауға қатысу үшін сіз неміс тілін үйренуге арналған идеяларыңызбен, тәжірибеңізбен, кеңестеріңізбен, техникаларыңызбен және әдістемелеріңізбен бөлісетін 3 минутқа дейінгі бейнеролик дайындауыңыз керек.

Бейнежазбаны 2022 жылдың 28 ақпанына дейін dku.deutsch@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек.

Байқау 2022 жылдың 9 наурызында өтеді, содан кейін жеңімпаздар жарияланады.

Үздік жұмыстар DKU|Қазақстан-Неміс университетінің YouTube-арнасында орналастырылады

Бөлісу