Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Қазақстан-Неміс университетінің хабаршысы» басылымының алдағы сандарына ғылыми мақалалар қабылдау ашық

Алматыдағы Қазақ-Неміс университеті «Қазақстан-Неміс университетінің хабаршысы» басылымының алдағы сандарына қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерінде ғылыми мақалаларды қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Мақалалар тұрақты түрде қабылданады. Қазақстан-Неміс университетінің хабаршысы (ISSN: 2709−8745) — Орталық Азиядағы өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша зерттеулерді жариялайтын рецензияланатын академиялық журнал.

Журнал редакциясы әртүрлі академиялық пәндер арасындағы диалогты қолдау арқылы жергілікті ғылыми қоғамдастықты дамытуға ұмтылады. Редакция келесі тақырыптық салаларға арналған ғылыми мақалаларды құптайды:

  • Орталық Азиядағы тұрақты даму және өңірлік интеграция;
  • аймақ елдеріндегі қоғам және мәдениет;
  • Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы;
  • сыртқы саясат және аймақ ішіндегі және одан тыс халықаралық қатынастар;
  • Орталық Азияда инженерлік іс пен технологияны дамыту;
  • аймақтағы көлік және логистика;
  • өңір елдеріндегі экология, энергия тиімділігі және су ресурстарын басқару;
  • аймақтағы тілдер мен әдебиетті дамыту.

Тіркеу ережелері және мақалаларды қабылдау шарттары:

Мақалалар қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Барлық жіберілген мақалалар редакцияның сапасы мен жарияланым талаптары сәйкестігіне қаралады. Таңдалған мақалалар сыртқы сараптамаға жіберіледі.

Мақала аннотацияны, мәтінді, сілтемелерді, кестелерді, суреттерді және қосымшаларды қоса алғанда 10 000 сөзден аспауы керек.

Жұмыстар Word форматында, Times New Roman шрифті, 12-кегль, 1,5 интервал арқылы төмендегі мекенжайға электрондық пошта арқылы жіберіледі. Барлық беттер нөмірленуі керек.

Әрбір жәберліген мақалада болуы тиіс:

1) мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, жұмыс орны және электрондық пошта мекенжайы көрсетілген титулдық парақ;

2) мақаланың басында 300 сөзден аспайтын аннотация;

3) анық құрылымы болуы (кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды);

4) мақаланың соңына қоса берілген әдебиеттер тізімі.


Мақаланы беру тәртібі және ресімдеу туралы толық ақпаратты журналдың сайтынан табуға болады:
https://dku.kz/ru/content/view/?slug=nauchnyye-publikatsii-dku&tab=1.



Маңызды: Редакция редакциядан өткен және орфографиялық және грамматикалық қателерге мұқият тексерілген мақалаларды ғана қабылдауға құқылы.


Жариялауға қатысты барлық сұрақтар бойынша журналдың редакциясына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: vestnik@dku.kz

Бөлісу