Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Қалалық логистикаға арналған жаңа шешімдер» семинары 2021 жылдың 30 сәуірінде өтеді

Сіздерді Қазақстан-Неміс университетінің LogCentre (логистиканың коммуникациялық және трансферттік орталығы) ұйымдастырған «Қалалық логистикаға арналған жаңа шешімдер» семинарына қатысуға шақырамыз.

Іс-шара 2021 жылғы 30 сәуірде (жұма), сағат 15:00—17:00-де (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша) өтеді және ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді.

Кездесудің спикері Магдебург университетіндегі зерттеу тобының жетекшісі Том Ассман болады. Том сонымен қатар қалалық логистиканы, тұрақты логистикаға арналған жаңа технологияларды жоспарлау бойынша сарапшы және қалалық логистика жобаларында кеңесші болып табылады.

Конференция жұмыс тілі: ағылшын (орыс тіліне ілеспе аударма берілетін болады).

Тіркелу мына сілтеме бойынша:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdYlbtqJtH6IEeXy05ehD4p1mQscj-j-tkCqKDZBTy70s6ZHQ/viewform?usp=sf_link

Семинарға кіруге сілтеме тек тіркелген қатысушыларға жіберіледі.


Семинар cargo bike және жергілікті логистикалық хабтарды көбірек пайдалануға бағытталған жаңа тұрақты қалалық логистикалық шешімдерді алға жылжытуға бағытталған бірқатар семинарлардың бөлігі болып табылады.

Семинарлар мақсаты:

  • Мүдделі тараптарды қалалық логистикалық жүйелерді құру бойынша жаңа тәсілдерді пайдалануға ынталандыру.
  • Қалалық логистикалық шешімдер мен жоспарлау принциптері туралы білім алмасу.
  • Жүк велосипедтерінің қалалық логистика саласындағы тиімді шешім ретінде орындылығын көрсету және қалалық ұтқырлықты тұрақты дамыту жоспары үшін қалалық логистика бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Семинарлар сериясы 2 кезеңге бөлінген.

  • Бірінші кезең: қалалық логистика бойынша онлайн-семинарлар өткізу, 2021 жылғы сәуір-тамыз.
  • Екінші кезең: cargo bike қолдану шешімдерін әзірлеу және мастер-класстар, 2021 жылдың күзі.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына мекенжай арқылы хабарласыңыз: logcentre@dku.kz

Бөлісу