Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару және климаттық қауіпсіздік» тақырыбы бойынша оқуға қабылдау ашылды

DKU Табиғи ресурстар институты «Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару және климаттық қауіпсіздік» тақырыбында оқуға қабылдауды жариялайды.

Бұл кімге қызықты болуы мүмкін? Мемлекеттік қызметшілерге, су ресурстарын басқарумен және климаттық қауіпсіздікпен байланысты мемлекеттік ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың өкілдеріне.

Семинар шеңберінде қатысушылар осы бағыт бойынша оқудан өтіп қана қоймай, Орталық Азия мен Еуропаның жетекші сарапшыларынан су ресурстары мен климаттық қауіпсіздікті басқарудың баға жетпес тәжірибесін алуға мүмкіндік алады.

Оқыту мақсаттары:

— ОА-да тұрақты өсу, өз елдеріндегі климаттың өзгеруі жөніндегі қолданыстағы саясат пен ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру идеяларымен алмасу;

— дәрістер өткізу арқылы ТДМ қол жеткізу үшін құқық және басқару саласындағы халықаралық сарапшыларды тарту;

— Орталық Азиядағы жер асты сулары ресурстарын басқару туралы білім деңгейін арттыру.

Өтінімдер 2021 жылдың 25 тамызына дейін мына email бойынша қабылданады: orazbekuly@dku.kz.

Оқу мерзімі: 27−29 қыркүйек 2021 ж.

Өтетін уақыты:Алматы уақыты бойынша 09:30−17:30

Тілі: ағылшын, орыс

Ұйымдастырушылар:

— Қазақстан-Неміс университеті (DKU),

— Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ),

— Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО).

Серіктестер:

  • Орталық Азия үшін Орта Азия экологиялық орталығы (ЦАРЭС),

—Тұрақты дамудың халықаралық құқық орталығы (CISDL).

Бонустар:

— оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар атаулы сертификаттар алады;

— «Орталық Азиядағы экологиялық қауіпсіздік: сарапшылардан қоғамға ақпарат тарату» іс-шарасына Фридрих Эберт FES қоры демеушілік етеді және DKU ұйымдастырады.

Кеш болмай тұрғанда қазір жазыңыз! Өтініміңізді мына пошта арқылы жолдаңыз: orazbekuly@dku.kz

Барлық сұрақтар бойынша: Ерболат Оразбекұлы, orazbekuly@dku.kz

Бөлісу