Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Жылдың үздік зерттеушісі-2021» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Қазақстан-Неміс университеті университет оқытушыларын жыл сайынғы «Жылдың үздік зерттеушісі — 2021» байқауына қатысуға шақырады. Жеңімпазға 200.000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Байқаудың мақсаты — ғылыми-зерттеу жұмысында өзін белсенді көрсеткен DKU профессорлық-оқытушылық құрамы арасынан үздік зерттеушілерді анықтау және марапаттау.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер 2022 жылғы 26 қаңтардан (Алматы уақыты бойынша 18 сағат) кешіктірмей ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • үміткердің өтінімі (№ 1 қосымша);
  • «Жылдың үздік зерттеушісі" атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері және оларды соңғы үш жылдағы құжаттамалық растау (№ 2 қосымша);
  • ғылыми қызмет саласындағы жеке жетістіктерді растайтын құжаттар ксерокөшірме түрінде немесе электрондық түрде (PDF форматында) ұсынылады.

«Жылдың үздік зерттеушісі" конкурсын өткізу тәртібі туралы ережеде сіз конкурсқа қатысу шарттарымен таныса аласыз.


Қосымша кеңесті Ғылым және технологиялар трансфері жөніндегі проректордың кеңсесіне немесе Ғылым және инновациялық технологиялар бөліміне хабарласып, алуға болады:

355−05−51 (ішкі 231 немесе 238) телефон арқылы, немесе пошта арқылы

tyulyubayeva@dku.kz, beimenbetov@dku.kz, saduakassovaa@dku.kz.


Өтінімдерді мына эалектрондық поштаға жолдау қажет: DKU_nauka@dku.kz

Өтінім берудің соңғы мерзімі — 2022 жылғы 26 қаңтар (Алматы уақыты бойынша сағат 18)

Бөлісу