Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Eco-Talk» Халықаралық жасыл бизнес мектебі байқауының нәтижелері жарияланды

2020 жылғы 15 желтоқсанда «Eco-Talk» Халықаралық жасыл бизнес мектебі (бұдан әрі-Мектеп) байқауының жеңімпаздарын онлайн-марапаттау рәсімі өтті.

Жасыл бизнес мектебі 2018 жылы Қазақстан-Неміс университетімен (DKU) жас кәсіпкерлерге экологиялық тұрақты бизнес-жобаларды әзірлеу барысында сараптамалық және қаржылық қолдау көрсету және олардың жасыл бизнес саласындағы инновациялық идеяларын генерациялауды ынталандыру мақсатында құрылды. Осы жылы мектепті DKU «Еуропалық Одақ — Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық" (WECOOP), Су ресурстары жөніндегі Орталық Азия жастар бірлестігі (CAY4W), Канада су жөніндегі халықаралық хатшылығы (ISW) және Швейцария Даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) жобасының қолдауымен өткізеді.

Үш ай бойы халықаралық және өңірлік сарапшылармен жүргізілген қарқынды онлайн-сабақтар барысында Мектеп тыңдаушылары жобалау циклінің негіздерін, нарықты талдауды, бюджеттеуді, мақсатты аудиторияны анықтауды, өңірде жасыл бизнесті жүргізу ерекшеліктерін зерделеп, іскерлік ортада тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын игерді. Сарапшылар сондай-ақ, су сапасы және суды үнемдеу, жаңартылатын энергетика және энергия тиімділігі, табиғатты қорғауды басқару және тұрақты тұтыну мен өндіріс саласындағы эко-инновациялар мәселелері бойынша консультациялар өткізді.

Қатысушылар үшін өткізілген сарапшылардың сабақтары мен кеңестері оларға жасыл бизнес саласындағы өз идеяларын жобалық ұсыныстарға рәсімдеуге көмектесті. 37 жас кәсіпкер 16 бизнес-жобаны ұсынды.

Бағалау комитеті жалпы сомасы 6000 АҚШ долларына SDC гранттарын алған 4 жеңімпазды анықтады.

Олар:

  1. Владислав Голярко «Eco Cashback» жобасымен;
  2. Алуа Жолгазы «Refill me» жобасымен;
  3. Алия Кыдырбекова «Waternovation» жобасымен;
  4. Екатерина Оборина «Қалдықтар-шығармашылық аумағы» жобасымен.

Жеңімпаздар бұл гранттарды өз бизнесін дамыту үшін пайдалана алады.

Мектеп туралы толығырақ Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында @ecotalk_incubator немесе сайттарда http://www.academic-waters.org/ және https://wecoop.eu

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуыңызға болады: Мария Генина, жоба менеджері, DKU — genina@dku.kz, Дана Жүнісова, жоба ассистенті, DKU — zhunissova@dku.kz

Бөлісу