Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша СҒЗЖ республикалық жыл сайынғы конкурсының II кезеңінің нәтижелері, 2022

Қазақстан-Неміс университеті «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы конкурсын өткізу бойынша базалық ЖОО ретінде ҚР жоғары оқу орындарында конкурстың II кезеңін өткізді.

Конкурс ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 25.02.2022 жылғы № 14−2/287-ВН хатына сәйкес жарияланды.

2022 жылғы СҒЗЖ конкурсына «Ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша 55 жұмыс келіп түсті (73 студент, 50 ғылыми жетекші).

Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарастыра келе, университеттің конкурстық комиссиясы марапатқа ұсыну туралы шешім қабылдады:

  • Министрліктің I дәрежелі дипломы 1 жұмыс

  • Министрліктің II дәрежелі дипломы 2 жұмыс

  • Министрліктің IIІ дәрежелі дипломы 3 жұмыс


Министрліктің І дәрежелі дипломы — «Өсімдік ауруларын тану үшін сараптамалық жүйе үшін жасанды нейрондық желілерді зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмыс «5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Сахабай Олжас Ерланұлы, ғылыми жетекшісі - PhD, доцент, Киселева О.В., «Алматыдағы Қазақстан-Неміс университеті" білім беру мекемесі.

Министрліктің II дәрежелі дипломы — ғылыми жұмыстар:

1) «Дәрі препараттарын дайындау технологиялық ідерістерінің сапасын бағалаудың алгоритмдік және компьютерлік модельдерін құру» тақырыбымен «6В06101-Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс студенті Әлімқұл Әлихан Құдіретұллаұлы, ғылыми жетекшісі — PhD, асс. профессор Бельгибаева С.А., Тұран Университеті, Алматы.

2) «Машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, рентген суреттері бойынша пневмонияны анықтауға арналған жүйені әзірлеу» тақырыбымен «6В06102- Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Шәріпжанова Дамира Бегежанұлыны, ғылыми жетекшісі — PhD, доцент Омаров Б. С., «Әл-Фараби атындағы КазҰУ, Алматы.

Министрліктің III дәрежелі дипломы — ғылыми жұмыстар:

1) «"Service Desk» өтінімдерді есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу» тақырыбымен 4 курс студенті Амангелді Әлімжан Талғатұлы, ғылыми жетекшісі — аға оқытушы, Жомартқызы Г., «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті", Өскемен.

2) «АЖ зерттеу және әзірлеу, БҚ тестілеу» тақырыбымен «6В06102-Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Валяев Денис Евгеньевич, ғылыми жетекшісі — т.ғ.к., доцент Тусупова Б.Б., «Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы Энергетика және байланыс Университетi», Алматы.

3) «Параллельді есептеу кластерінің архитектурасы бойынша құрылған деректерді криптографиялық қорғаудың микроконтроллерлік жүйесінің демонстрациялық макетін жобалау және әзірлеу» тақырыбымен «5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Мельник Оксаны Андреевна, ғылыми жетекшісі — т.ғ.к., доцент Савельева Е.А., «Алматыдағы Қазақстан-Неміс Университеті" білім беру мекемесі.


«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша студенттердің, сондай-ақ ғылыми жұмыстар жетекшілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық жыл сайынғы конкурсының II-кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз! Сіздерге жоғары ғылыми жетістіктер, ғылыми мәселелердің тиімді шешімдерін табуда табыстар, батыл идеялар, сарқылмас шығармашылық шабыт және ең батыл жобаларды, жаңа белестер мен жаңалықтарды табысты іске асыруды тілейміз!

Бөлісу